Мінсіз мемлекеттік қызмет
Жыл сайынғы Елбасымыздың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру қажеттігі үнемі атап көрсетіледі. Сондықтан да бүгінде көрсетілетін мемлекеттік қызметті дамыту барысында әрбір мемлекеттік органдардың рөлі ерекше. Осы мақсатта көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасын жақсартуға мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, ұсынылатын мемлекеттік қызмет түрлерімен хабардар болуы үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті өңірдегі мемлекеттік органдармен, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорация департаментінің, сонымен бірге «Бірінші жемқорлыққа қарсы медиа орталығы», «Жаңару» сыбайластыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» филиалдарымен бірлесе Е.Өмірзақов атындағы филармония ғимаратында «Мемлекеттік қызметтер көрсету жәрмеңкесін» өткізді. Жәрмеңкеге сұранысқа ие мемлекеттік қызмет түрлері – жер қатынастары, сәулет, денсаулық сақтау, білім, жұмыспен қамту секілді салалар қатысты.



Жәрмеңкеге келген тұрғындар көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша қосымша кеңес алып, кейбіреуі өтініш те берді, сұрақтарын да қойды. Мәліметтерге жүгінсек, жәрмеңке аясында 10 адамға тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, 15-іне білім, 12-іне жер қатынастары, 8-іне сәулет және 7 тұрғынға жұмыспен қамту саласы бойынша кеңес берілді.


Гүлназым САҒИТОВА