АӘК автоматты түрде ұзартылады

Жылдың IV тоқсанында 650 мыңнан астам қазақстандыққа атаулы әлеуметтік көмек беру автоматты түрде ұзартылады, яғни 130 мың отбасыдағы осынша азаматқа АӘК үшін мемлекеттік инстанцияларға жүгінудің қажеті жоқ. 1582090707_88caef2be3192c95d15a87803888cda3
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің бұл қаулысы 25 қыркүйекте қабылданды және бүгіннен бастап күшіне енеді. 
Бұл шара ауыл әкімдіктері мен халықты жұмыспен қамту орталықтарында адамдардың ұзын-сонар кезекке тұрмауы үшін, сол арқылы азаматтардың коронавирус инфекциясын жұқтыру тәуекеліне тосқауыл болу мақсатында қабылданып отыр. 
Алғашқы өтініш берген кезде жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері мемлекеттік органдардың ақпараттық базаларында қажетті деректерді тексереді. Бұл ретте учаскелік комиссиялар АӘК тағайындауға үміткерлерді мессенджерлер арқылы тексереді, жылжымалы тексерулер жүргізбейді. АӘК өтінімдерін ұзарту кезінде табыстың белгілі бір түрлері есепке алынбайды.
Бұдан бұрын АӘК алушыларға II және III тоқсандарда көмек тағайындау ТЖ режимі мен шектеу шараларының қолданылуына байланысты ұзартылған болатын.
Айта кетейік, АӘК отбасының әрбір мүшесіне жан басына шаққандағы табысы өңірлік ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% – ынан төмен азаматтарға тағайындалады.
Қазақстанда аз қамтылған азаматтар қатарынан барлығы 760 мыңнан астам адам АӘК алады.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓