Кейкі батыр туралы фильм түсірілді 

 Алматы қаласындағы Ш. Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудияның түсіру тобы Кейкі батыр жайлы деректі фильм түсіру мақсатымен батырдың туып өскен еліне келіп, Арқалық қаласы, Аманкелді, Жанкелдин аудандарында болып қайтты.DSC05931
   Түсіру тобы ең алдымен Арқалық қаласына қарасты Жаңақала, Екідің ауылдарында болды. Кейкінің үңгірінде түсірілім жасады.
  – Жалпы, киногерлер батырдың аяғы тиген жерлердің бәрін аралады. Басқан топырағын, жұтқан ауасын, сүйенген тасын таспаға түсірді. Аманкелді ауданында Кейкінің жаңадан тұрғызылған көрнекті кесенесінде, Үрпек ауылында штаб, ұстаханада, Көшімбектің тамы, Жыланшық, батырдың қаза тапқан жері Жалаулыға табан тіреді. Ауа райы сондай қолайлы шыбынсыз жаз болды. Түсіру алаңынан екі жүз метрдей жерден адам даусы анық естіліп тұрды.DSC05929
   Кейкі батырдың әкесі Көкенбайдан Оспан, Қосжан, Омар, Кейкі, Шұбар атты бес ұл туады. Қосжаннан Ағытай, Тоғытай деген екі қыз және Дүйсентай тарайды. Дүйсентайдың екі ұл, үш қызы бар. Қосжанның немересі Сейітқали Дүйсентайұлы батырдың рөлін сомдап эпизодқа түсті. Студияның киімін киіп, музейден алынған көне қаруды қолына ұстады.DSC05937
   Аңызда Кейкі батырды аққулар бастап жүрген деседі. Бір ғажабы сол түсірілім жасап жатқан уақытта да аққулар төбесінен айналып өтті.
   Ұлт – азаттық көтерілісшілері төрт жүздей әскермен шайқасқан Татыр көлінде, Торғайдағы Ә. Жанкелдин, Шақшақ Жәнібек бабамыздың музейлерінде, атақты партизан сайында болдық. Өкінішке орай батырлардың қаны төгілген жерге әлі күнге дейін ескерткіш тақта қойылмаған екен.
   Бұрын – соңды айтылмай келген Қарақоға шайқасы бар. Түсіру тобы Көкалат ауылындағы Қарақоға бөлімшесін, Айсаның бөгетін, Шәкіртам қорымдарын да назардан тыс қалдырмай аса тыңғылықты жұмыс жасады, – дейді фильмге түсіп сұхбат берген тарихшы, белгілі қолөнер шебері Шөптібай Байділдәұлы. Ш.Байдилдин
  
Мұрат Жүнісұлы
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓