«Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорын өзектендіру жалғасуда
Қазіргі уақытта жергілікті атқарушы органдар (әкімдіктер) «Жеке тұлғалар» мемлекеттік деректер қорында азаматтар туралы мәліметтерді өзектендіру жөнінде кампаниялар жүргізуде. Қызметкерлері жергілікті тұрғындардың пәтерлерін аралап және сәйкессіздіктер анықталған жағдайда азаматтарды мекенжай мәліметтерін түзету немесе қайта құжаттандыру үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына жібереді.
Сондай-ақ, бүгінгі күні қолданылу мерзімі өткен құжаттар бойынша тұрып жатқан көп азаматтар саны анықталды. Осыған байланысты, өткізіліп жатқан іс-шаралар аясында:
– қолданылу мерзімі өткен жеке куәліктер;
– тұрғылықты жері нақты заңды мекенжайына сәйкес келмейтін, оның ішінде мекенжайларында қысқартылған облыстар мен аудандар көрсетілген ескі үлгідегі жеке куәліктер (мысалы: Торғай, Көкшетау және т.б.) ауыстыруға жатады.
Айта кетейік, өзекті деректері бар ескі үлгідегі жеке куәліктердің болуы және қолданылу мерзімі өтпеген жаңа үлгідегі куәліктер мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу мен зейнетақы төлеуден бас тартуға негіз болып табылмайды.
Алайда, қоллданылу мерзімі өткен не деректері ескірген құжаттары бар барлық азаматтарға мекенжай анықтамаларын түзету, қажет болған жағдайда жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстыру үшін ХҚКО-ларға (көші-қон бөлімдеріне) жүгіну керектігін естеріңізге саламыз.
ҚР ИДМ БААК баспасөз қызметі
Тел.: 74-03-43
820825402861