Мүмкіндігі шектеулі жандар спартакиадасы
Қостанай облысында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында жыл сайын спартакиада ұйымдастыру бастамасы көтерілді. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы С.Матвиенко мәлімдеді.
Басқарма басшысының пікіріне сүйенсек, соңғы жылдары дәстүрге айналған облыстық спартакиадалардың деңгейі айтарлықтай жоғарылады. Өңірдегі жаңадан бой көтерген спорттық нысандардың пайдаланылуын арттыру мақсатында келесі жылдан бастап кешенді шаралар қолға алынбақ. Солардың бірі – өңірдегі мүмкіндігі шектеулі жандар арасында спартакиада мен ұлттық спорт түрлері фестивалін өткізу жоспарлануда.
Мешіт Ғазиз