Көл кештірген көшелер

Соңғы кездердегі толассыз жауған нөсер Рудный қаласындағы су тарту жүйелерінің ақаулы екенін көрсетті.potop
Ленин, Дзержинкий, Корчагин, Парковый, Топорков көшелерінің тұрғындары мұндай көріністерге әбден үйреніп кеткен. Бұл – бірнеше жыл бойы қаузалып келе жатқан "сақалды" мәселе. Қала билігіндегілердің айтуынша,  құбырларды толығымен қайта жаңғырту керек екенін, әйткенмен көшелерді орташа жөндеуден өткізу кезінде бұған қаржы қарастырылмайды екен. Ол тек күрделі жөндеу кезінде ғана мүмкін болады.
Айтқандай, соңғы он жыл көлемінде Паркоый, Топорков, Корчагин сынды көшелердегі су сарқуға арналған құбырлар жөнделген. Ендеше, бұл көшелер неге жауын жауса әлі күнге дейін көл-дария болып кете береді? Сапаның сын көтермегендігі ғой демек. Мұның салдарынан жолдардың асфальт жабындысы ыдырап, тротуарлар бұзылып… жүргіншілер әбігер кешумен жүр. 
 

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓