Жаңа бастама  – жастар үшін

Осыдан екі жыл бұрын халықаралық қайта құру және даму банкі мен ҚР Білім және ғылым министрлігі бірлесіп, жастардың әлеуметтік жобаларын қолдау мақсатында «Zhas Project» жобасын қолға алған еді. Бүгінгі таңда бұл ауқымды жоба өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Өткен жылы ол  еліміздің алты облысында қолға алынды. Біргей бағдарламаның мақсаты айқын: жастарды қоғамның  игілігі жолында ортақ пайдалы іске жұмылдырып, жергілікті жерлерде шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту. Жобаға 14 пен 29 жас аралығындағы жастар қатыса алады.IMG_4659
        Шалғайдағы Жанкелдин ауданында жаңа жобаға қызығушылық білдіріп жатқан жастар аз емес. Мәселен, өткен жылы ғана өңірде бес ауқымды жоба жүзеге асты. Торғай кентінде құны 880 000 теңгеге бағаланған  «Көңілді жастар алаңы» жобасы, 1 000 000 теңгеге «Компьютерлік курс» жобасы, Шеген ауылынан 731 000 теңгеге «Жанай-Жиһаз» жиһаз цехы, Ақкөл ауылынан 1 000 000 теңгеге көлік дөңгелегін жөндейтін цех, Жаркөл ауылынан 1 000 000 теңгеге  наубайхана ашылды.         
        – Жалпы, аудандық  ішкі саясат бөлімі  «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің қолдауымен біздің ауданнан 13 жоба ұсынылды. Оның бесеуі тиісті грантты жеңіп алды. Осылайша, іскер азаматтар  әлеуметтік жобаларға арналған 4 611 000 теңге қайтарымсыз грантқа ие болды. «Zhas Project» жобасында жолы болған жастар тамыз айында Арқалық қаласында арнайы өткізілген оқу-семинарға қатысып, бизнес бастаудың алғы шарттарымен танысып келді. Қазіргі таңда жоспарға сәйкес жобада ұсынылған міндеттерін жүйелі түрде атқарып жатыр, – дейді орталық жетекшісі Айбек Мұқатов.
        Бір ғана мысал, аудан іргесіндегі  Шеген ауылында үш жігіт бірігіп жобаға қатысты. ауылды дамыту бағдарламасы шеңберінде  ағаш бұйымдарын өңдеп, жиһаз жасауға арналған шеберхана ашу үшін  731 000 теңге грант ұтып алды. Топқа  ауыл тұрғыны Жанай Сағидуллин басшылық етеді.IMG_4654
      
IMG_4662
IMG_4667Фархат Ибраев, Нұрбол Жақсыбайұлы тәрізді қолынан іс келетін, епсекті жігіттер өздері жиһаз жасап қана қоймай,  ауыл жастарына ағаш бұйымдарын өңдеу, жиһаз жасаудың қыр-сырын үйретеді. Қазіргі таңда Фархадтың шеберханасына он алты адам тұрақты келіп жүр. Іскер азаматтар ауылдағы аз қамтылған, көп балалы отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға қажетті жиһаздарды жасап береді.
 
Әлібек ЫБЫРАЙ
Суретті түсірген Бердіболат КӨРКЕМБАЕВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓