Әскерилер мергендіктерін сынады
Қостанай облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің, қалалық басқарманың әскери қызметкерлері арасында қорытынды оқу-жаттығу өтті.Әскери қызметкерлер оқудың алғашқы күнінде әртүрлі спорттық жаттығулар жасап, физикалық дайындықтарын тексерді. Келесі күні тапаншамен ату жаттығуы бойынша мергендіктерін сынап көрді. Күзгі оқудың қорытындысында облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің қызметкерлері кәсіби білімді, физикалық дайындықтары жоғары екенін дәлелдей алды. -Біздің әскерилер жыл сайын Қарағандының Спасск қаласына барып, оқу-жаттығуларға қатысады. Мұндай дайындықтар әскери қызметкерлердің бабында жүруіне мүмкіндік береді. Әскерилер әрқашан білімдерін жетілдіріп, біліктіліктерін шыңдап отыруы тиіс. Осы мақсатта жылына үш мәрте оқу-жаттығу дайындықтарын өткіземіз,-деді Қостанай қаласы Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың бастығы, полковник Мұрат Ершенов.
Қымбат ДОСЖАНОВА
Суретті түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.