Күйік шалып, көз жұмды

Үстіміздегі жылдың 29 тамызы күні денесін күйік шалып, ауруханаға жеткізілген 8 жасар бала көз жұмды. балаДәрігерлер Сергей Павловскийді екі ай емдеп, ажалдан арашалап қала алмады.
«Білікті дәрігерлер жұмылдырылды. Бірақ, дене күйігі салдарынан ішкі ағзалары қабілеттен айырылған. Мұны ғылымда декомпенсация деп атайды. Ол бірнеше отаға шыдай алмады. Кеше сағат 19:30 шамасында жүрегі соғуын тоқтатты», – деді облыстық балалар ауруханасы бас дәрігері міндетін атқарушы Игорь Белобржицкий.
Ал «Бюро добрых дел» қоғамдық қорының жетекшісі Ирина Мельцер Сергей Павловскийді жерлеу рәсіміне қаржы керектігін айтып, жомарт жандардан көмек сұрайды.
«Мен баланың анасы Любовь Павловскаямен хабарластым. Ол қайырымды жандардан материалдық қолдау күтеді. Көмек қолын созамын деушілер біздің әлеуметтік желідегі парақшаларымызға жазылып, байланысқа шығуына болады», – деді Ирина Мельцер.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓