Екі әйел көлік астына түсті

Қостанай қаласындағы ЖКО туралы ақпаратты қалалық аурухана қызметкерлері растады, деп хабарлайды alau.kz.дтп
Жол-көлік оқиғасы Герцен көшесінде күні кеше болған. Екі әйел көлік астында қалған. Салдарынан жәбірленушілер қалалық аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізіліпті. 
"Жапа шеккендердің жағдайы ауыр. Оларға күрделі ота жасалады. Екеуінің жамбас сүйектері, жіліншіктері сынып, миларына ауыр зақым келген", – дейді дәрігерлер. 
Әзірге, ЖКО жайлы егжей-тегжейлі ақпараттар жоқ.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓