Заңды білу – басты талап

Рудный қаласының прокуратурасы өткен жылы 13 арнайы тексеру жүргізіп, мемлекеттік сатып алулар саласында 103 құқық бұзушылықты анықтаған. Нәтижесінде қаланың 33 азаматы әкімшілік жазаға тартылса, бір мемлекеттік сатып алулар конкурсының қорытындысы жоққа шығарылды. Сондай-ақ мемлекетке кіріс ретінде 186454 теңге аударылды.прокуратура фото
Заңды білу – заманның басты талабы. Алайда кейбір азаматтарымыз заңды білместіктен бәлеге ұрынып жатады. Мәселен былтыр жемқорлыққа апаратын іс-әрекеті үшін «Рудный қалалық ветеринарлық станциясы» МҚК директорының міндетін атқарушы Н.Қоңыртаев әкімшілік жазаға тартылып, қызметінен босатылды. Прокуратура қызметкерлері жүргізген тексеру нәтижесінде оның кәсіпкерлікпен айналысатындығы әшкере болған.
 
Қуаныш СЕЙДОЛЛАҰЛЫ 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓