Қойнауы қасиет бүккен

оңтүстік аудандарға саяхат
 
Тобыл-Торғай өңірі ашық аспан астындағы мұражай іспетті. Топырағында тектілердің ізі сайрап жатыр. Әр тасында тарих бар. Әсіресе, облыстың оңтүстік аудандары киелі жерлер мен қасиетті нысандарға толы. Олардың әрқайсысына назар бөліп, тұтас елге таныстыру керек, өскелең ұрпаққа насихаттау қажет. Науырзым, Аманкелді, Жанкелдин аудандарына сапарлаған "Ұлы дала қазынасы" атты баспасөз турының мақсаты осы. Құрамында тілшілер, блогерлер,  музей қызметкерлері бар. Сонымен…
 
Әулиелер кешкен жер
Экспедиция облыс орталығынан таң алдында қозғалып кетті. Алғашқы аялдама – Науырзым ауданы. Бұл өңірде әуелі Түркебай әулие бейітіне ат шалдырдық. Аудан орталығынан Өлеңді ауылына барар жолда екен. Қасиетті орынмен аудан тұрғыны, жергілікті қоғамдық кеңес төрағасы Жаңбыршы Тілеуғабылов таныстырды. Әулие ХІХ ғасырда өмір сүріпті. Емші, батагөй ретінде үш жүзге аты тараған.DSCN9022
 
DSCN9032
 
DSCN9042-Түркебай атамыздың руы – сүгір. Оның қасиетті кісі болғандығы туралы ел аузында әңгіме көп. Ауырып, көмекке зәру болған жандарға шипасы тиген. Бұл қасиет оған әкесінен дарыса керек. Өзеннің арғы бетіндегі киіз үйді ас-ауқатымен қоса бергі бетке көшіре алатын құдіретті күші болғаны жайында аңыз бар. Ол өмірден озар алдында өзінің күші әлі 200 жыл сақталатынын айтқан екен, – дейді Ж.Тілеуғабылов.DSCN9034
Әулие жерленген жерге, өз өсиеті бойынша, белгі қойылмаған. Бір кездері ұрпақтары ағаштан қоршау орнатып, ол найзағай түсіп, күлге айналыпты. Қазірге дейін бейіт басына зиярат етіп келушілер көп. Ресей, Беларус елдерінен келген жандар да болыпты. Мұнда келген әр адам дінінің жаттығына қарамастан медет тілеп, көмек сұрай алады. Ішінен тілегін қайталап, бейіт жиегіндегі тасқа қол тигізсе болғаны… Биыл келушілер үшін қорым маңынан үй тұрғызылыпты. Оның іргесін көтерген кәсіпкер атының жасырын қалуын қалаған. Түркебай әулие бейіті осы жылы ғана киелі жерлер картасына ұсынылып отыр.DSCN9030
Құран бағыштап, бет сипаған жолаушылар мұнан соң Қоянақ әулие кесенесін бетке алды. Ол аудан орталығынан 100, Шолақсай ауылынан 18 шақырым жерде орналасқан. Бұл әулие туралы да тарихи оқулықтарда еш ақпарат жоқ. Халық арасында ғана түрлі аңыздар, бертінгі тылсым оқиғалар бар.DSCN9043
DSCN9046
 
DSCN9052Шипалы күшке ие кесене ХVІІІ ғасырға тән. Бұл кісіге де әулиелік әкесі Жолшарадан дарыған деседі. Тұсында талай тағдыршешті оқиғаларды жорыған, тылсым күшпен тілсіз жаудың бетін қайтарған әулиелігі әлі күнге дейін тұрғылықты халықты қорғайды, молшылық әкеледі деп есептеледі. Тілші біткен Қоянақ әжейдің құдіреттілігі туралы аңыздарға қанықты. Бұл бәріміздің келесі нысанға табан тірегенімізше әңгіме қылуымызға жеткілікті еді…
 
Аманкелді айшықтары
Аманкелді ауданына тиесілі нысандар реті "Үштоғай шаршысынан" басталады. Әлем назарын аудартқан бұл геоглифті көзбен көргенше асық болдық. Осыдан он жыл бұрын табылған құпия белгінің жорамалды жасы – 2 мың жыл айналасында. 101 үйіндіден тұратын шаршының әр қапталының ұзындығы – 230 метрден. Оны толық көру үшін құс ұшатын биіктіктен қарау керек. Қуанышқа орай, арнайы техниканың көмегімен (дрон) геоглифтің тұтас ауданына көз тіге алдық.DSCN9071
 
DSCN9068
DSCN9070
7fb8a194-69b8-4ffa-9ff7-477c5c4a1790– Мұны ашқан Дмитрий Дейдің айтуынша, геоглиф көлемі "Маракана" футбол стдионының үшеуі болады, – дейді жол бастаушы, Рассвет орта мектебінің директоры Әділхан Әбдіғабылов. – Оның қандай мақсатта салынғаны туралы нақты мәлімет жоқ. Әртүрлі болжамдар ғана айтылып жүр. Бірі мұны діни рәсімдермен байланыстырады. Енді біреуі бұл жат ғаламшарлықтардың белгісі болуы мүмкін дейді. Дей тұрғанмен Д.Дейдің жорамалы жақындау секілді: көнелердің күн күнтізбесі ретінде қолданылса керек…DSCN9061
Жергілікті ағайын бұл ерекше таңбаны тамашалауға келгендерге қолай тудыратын жағдай жасалса екен деген тілектерін жасырмайды.
Туристерге көрер қызық аудан орталығынан да табылар еді. Мәселен, Амангелді Иманов атындағы музейді тілге тиек етейік. Мұнда ауданның талайлы тарихымен танысып, ХХ ғасыр басындағы тұрмыс-тіршілігіне қанығасыз. Торғай даласындағы ұлт-азаттық көтеріліс сыр шертеді. Амангелді, Кейкілердің "қолының майы сіңген" қару-жарақтар, тұтынған дүние-мүліктері сол күйі сақтаулы тұр.DSCN9079
 
DSCN9082
DSCN9081
DSCN9073Ал Амангелді батырдың сүйегі аудан орталығының қақ төріне қойылыпты. Басында тарихи тұлғаның тұғырлы ескерткіші бар. Мүсін күмістен жасалған. Ескерткіш маңында қолбасшының өмірі мен ерлігі баяндалды.DSCN9095
 
 
Ауылдағы тағы бір киелі орындардың бірі – Сатыбалды ишан кесенесі. Оны 1899 жылы ишанның үлкен ұлы салдырған деседі. Ел аузында сақталған аңыз бойынша қазіргі кешен орналасқан жер ордалы жыланның отаны болыпты. Кейін аталған жерді жыландар Сатыбалдының дұғаларынан кейін тастап кеткен екен. Кешенде Ғабдолланың баласы Файзолла және жақын досы Омар қалпе де жерленген. DSCN9109
DSCN9111
 
 
Сатыбалды ишанның шөбересі Әскербек Мурзиннің айтуынша, кезінде бұл кесенені бұзуға бұйрық беріліп, оны қиратуға қатысқан адамдардың барлығы шейіт болған көрінеді. Мұның қасиетті орын екенін жергілікті жұрт жақсы біледі. Бұл жерге елдің әр түкпірінен зиярат етіп келушілер де көп екен.
 
Байлығы – тарихы
Баспасөз туры Жанкелдин ауданын бетке алды. Торғай төсі киелі орындардың көптігі жағынан аудандар тізімінің басында тұр. Шындығы сол, өлкенің байлығы – тамырлы тарихы ғана. Аудан аумағына жолсоқты болып жеткен жолаушылар ең әуелі Тәуіш ауылы маңындағы Татыр шайқасы өткен жерге келіп аялдады. "Қиямда тұрған мүміндей" қыр басына қойылған белгі қасқайып қарсы алды. Ол 1977 жылы салынған екен. Бұл жерге жергілікті тарихшылар, ауыл ақсақалдары жиылыпты. Ескерткіште "1916" деген сан анық көрінеді. Ол – Татыр көлінің жағасында болған шайқастың датасы. Нақ осы жерде қара халық "зеңбірекке шоқпармен қарсы шығып", патша үкіметінің әскеріне тойтарыс берген еді.DSCN9126
– Көбіміз "Татыр шайқасында" Аманкелді мен Кейкі қол бастады деп қателесеміз. Негізінде, бұл көтерілістің басында Карбоз Қабақұлы, Бек Сарманұлы, Қияқбай Үркімбайұлы, Омар Тынымұлы секілді жергілікті адамдар тұр. Осы кісілер ауыл жастарынан жасақ құрған еді, – дейді тарихшы Қанат Сәпенов.DSCN9116
Қойшыбек Қашаев, Ахметқали Қарпықов сынды ауыл ардақтылары "Татыр шайқасына" қатысты ауыздан-ауызға жеткен әңгімелерді баяндап берді (бұған өз алдына бөлек материал дайындауды жөн санаймыз. – авт.).
Келесі нысан осы ауылдан 90 шақырым қашықтықта. Бүгінде 22 түтіні қалған Бидайық ауылында алаш алыбы Міржақып Дулатовтың кесенесі бар. Бір әттеңі, ауылға апарар жолдың жағдайы мәз емес. Дегенмен, діттеген нысанға жету үшін "күтпеген" қиыншылық кедергі болған жоқ. Қош, аядай ауылдың ең көрнекі ғимараты – Жақаң кесенесін көру бақыты бұйырды. DSCN9134
жаканБізге берілген мәлімет бойынша, 1992 жылы М.Дулатовтың сүйегі туған жеріне жерленгеннен кейін жергілікті тұрғындар тізе біріктіріп, осы кесенені тұрғызыпты. Оның қарсысында қоғам қайраткеріне арналған екі қабатты мұражай тұр. Оған Жақаң туралы деректер қойылған.
DSCN9137Саяхат аудан орталығында жалғасын тапты. Экспедиция мүшелері қазақтың дүлдүл ақыны Нұрхан Ахметбеков жерленген бейітке барып құран бағыштады. Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы білді.DSCN9146 Кезекті нысан да торғайлық жұртшылық үшін киелі саналады. Шұбалаң ауылында Баймырза әулие Мергенұлының кесенесі бар. ХІХ ғасырда өмір сүрген оның әрі батыр, әрі емші ретінде жалпақ елге даңқы жайылған. Кесене басынан бізді қарсы алған тікелей ұрпағы Ерік Бидашев әулие жайында мәлімет беріп, аңыз-әңгімелер баяндады.DSCN9153
DSCN9165
-Оны батыр дейтініміз – жоңғар шапқыншылығына қарсы күресті басқарған, Е.Пугачев көтерілісін қолдаған, патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы күрескен. Емшілік қасиеті бақилық болғаннан кейін де мұқтаж жандарға шипасын тигізіп келеді. Ауырып келген адамдар мазардың іргетасына түнегеннен кейін отбасына құлантаза айығып оралады екен, – дейді Е. Бидашев.
 
 
Жүз шақырым қашықтықта жатқан Ақкөл-Қарасу ауылдарына шықпас бұрын бәріміз жол амандығын тілеп, батыр аруағына қол жайдық.
Ақкөл ауылындағы ұлт көсемі Ахмет Байтұрсынұлы тұрған үй 2011 жылы қалпына келтірілген болатын. Одан бері аттай алты жыл өтті. Жергілікті жұрт үйдің бүгінгі күйі мәз еместігін айтады, еленіп-ескерілсе деп тілейді. DSCN9179
DSCN9190Ахаңның туыстары жатқан қорымды да қоршауға аулу қажет-ақ. "Рухани жаңғыру" жобасы аясында осы нысандардың назарға ілігеріне үмітті олар. Ахаңның ауылда тұратын тікелей ұрпағымен тілдесудің де сәті түсті.DSCN9206
-Ахаң үйі ауыл тұрғындарының еңбегі арқасында тұрғызылды. Енді оны талапқа сай етіп, келген-кеткен адамдарға жылы ұшырайтындай, келешек ұрпақ "Ұлт көсемінің үйі осындай" деп танитындай деңгейде жаңғыртылса екен. Қазір қараусыз қалқайып тұрған қадірлі нысан мемлекеттің қамқорлығына алынса екен. Мендегі тілек осы, – дейді ұлт көсемінің ұрпағы Әбдісалық қария.
 
 
Жалпы, "Тобыл-Торғай  мұрасы" жобасының үйлестірушісі Е. Жаринова елбасының "Рухани жаңғыру" бағдарламасын жүзеге асыру аясында бұл талап-тілектердің ескерлетінін айтады. Жоба қорытындысынан соң Қостанай облысының киелі жерлеріне арналып сайт ашылады. Бұл туристік тартымдылықты арттырады деген сенім бар.DSCN9212
Сонымен, екі күнге белгіленген баспасөз туры аясында 31 нысан қамтылуы тиіс болған. Алайда уақыттың тығыздығы мен нысандар арасындағы жолдардың қиырлығына байланысты киелі орындардың жартысына жуығын көру мүмкін болмады. Туған жердің киелі орындарын аралауға әлі талай жол түсер, бұйыртса…
 
Ж.Жүсіпбек
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓