Түс – тылсым құбылыс

Түс жору – адам баласына даритын сирек қасиет. Көрген түсіңді ешкімге жария етуге болмайды дейді көпшілік. Мазасыздығымның кесірінен болар, көрген түсімді біреуге айтпасам, тұра алмаймын. Соның бір дәлелі, мына газет беті.
Мұндай жағдай бұрын соңды болмап еді. Бұрын түс дегенді көрмейтін де едім. Ұйқым тыныш болатын. Өмірдегі небір құбылыстың барына да мүлдем сенбейтінмін. Бірақ, соңғы кездері осы түс көргіш боп барамын. Өзіме-өзім таң қалып жүрмін. Түсті күнде көрем десем қателеспеймін. Осы бір түсті көрмей, тыныш ұйықтайын десем де болмайды.s7268476Бір туысымыз өздерінің көптен күткен үйлену тойларына шақырған болатын. Соған тойға барсам ба, бармасам ба деп ұзақ ойланып жүрдім. Не дегенмен, ол жер жақын жерде емес бара салатын. Күнде ойлайтын болдым. Осы бір той есімнен кетер емес. Сөйттім дағы, тойға 1-2 күн қалғанда түс көрдім. Түсімде сол тойда жүр екенмін деймін, қасымдағы адамдарды да анық көріп тұрмын. Кейін сол көрген түсіме өңімде куә болдым.
Жол жүретін болсам да, алдын ала түс көруді шығардым. Егер де бармайтындай жағдай болса, онда мүлдем түс көрмеймін.
Менімен танысқысы, кездескісі келетін адамдар болса, олардың шынайы ниеттерін түс арқылы біліп отырамын. Кей кездері ескертулер сияқты болып келеді.
Шыны керек, көрмейтін түсім жоқ, түстің неше түрлісін көремін. Кеді бұл қорқынышты, әрине. Мені қуалап жүргендерді де көремін. Бірақ та, бір тылсым күштің мені қорғап жататынын да анық байқаймын. Кейбір түсініксіз түстерді де өзім болжап жататыным да бар.
 
Жұлдыз Бермағанбетова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓