Құрметті қостанайлықтар!
Тағдыршешті 1991 жылдың 1 желтоқсанында бірінші бүкілхалықтық сайлау нәтижесінде біздің еліміз өзінің тұңғыш Президентін сайлады. Іс жүзінде осы күннен біздің тәуелсіз мемлекетіміздің тарихы бастау алады.
Сайланған Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 10 күн өткеннен кейін Қазақ КСР-ін Қазақстан Республикасына қайта атау туралы заңға қол қойды. Ал 1991 жылғы 16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қазақстанның тәуелсіздігін жариялады.
Барлығын да іс жүзінде жаңадан бастай отырып, Қазақстан халқы өзінің көшбасшысымен бірге мемлекеттіліктің барлық атрибуттары бар елді қалыптастыра алды және оны сыртқы әлемнің тануына қол жеткізе білді.
Президенттің жігерлі, батыл шешімдері, оның жасампаздық күші таңқаларлық нәтижелер берді: заманауи Қазақстан – бұл егемен, саяси тұрақты, әлеуметтік-бағдарланған экономикасы бар серпінді дамып келе жатқан мемлекет.
Ел азаматтарының санасындағы тұтастық, тәуелсіздік, бірлік және бейбітшіл тату көршілікті жақтаушы ретіндегі Қазақстанның имиджі Мемлекет басшысының жеке тұлғасымен ажырағысыз байланысты.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ядролық қаруға қарсы әлем құрудағы, қауіпсіздік пен тұрақтылықты қауіпсіз етудегі, елдер арасындағы диалогты орнатудағы жаһандық және өңірлік бастамалары, оның халықаралық беделін, саяси көрегенділігін және жеке тұлғалық ауқымдылығын айқындайды.
Сондықтан Тұңғыш Президент күнін мерекелеу – бұл, ең алдымен, халықтың біздің Мемлекетіміз басшысының көрнекті сіңірген еңбегін тануы.
Ұлттық мереке қарсаңында ел Парламенті Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы Декларациясын қабылдады, онда Тұңғыш Президенттің бірегей сіңірген еңбектері атап өтілген.
Сіздерді Тұңғыш Президент күнімен құттықтаймын, отбасылық құт-береке, мықты денсаулық және бақыт тілеймін. Біздің Отанымыз – Қазақстан Республикасы дамысын, нығайсын және өркендесін!
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов