Жаркөл ауылында мешіт ашылды

Өткен демалыс күндері Жанкелдин ауданының Жаркөл ауылында азаматтардың бірігіп салған мешітінің салтанатты ашылуы болды. Сабақты ине сəтімен келіп, Торғайдағы Оспан қожа мешітінің 25 жылдығына келген құрметті қонақтар ауылдықтар қуанышына ортақтасып, жылы лебіздерін білдіріп кетті. Қостанай облысының бас имамы Бақытбек қажы Нұрғабылұлы сөз сөйлеп, айтыскер Мұхтар Ниязов арнау айтты. мечетАуылдағы іскер азаматтар ас берді. Ол жерде де Торғай өңірінің құрметті, беделді ел ағалары құттықтау сөздерін арнады. Астың соңы елге танымал ақындардың айтысына, сондай-ақ Біржан Жүзбай бастап келген өнарпаздардың əн-күйіне ұласты. Облыс имамы өз жұмысын жиып қойып, құрылыстың басы-қасында жүріп, ұйымдастырған Бақыт Қабдырашты алғыс хатпен марапаттап, ауыл жастары шапан жапты. асОсылайша, аядай ауылдың көшесіне адам толып, ажары кіріп қалды.
Ауылдастардың əкім туралы əңгімелері де жақсы. Айтуларынша, бұрынғыдай түнде сүрініп, құлап жүрмейді екен, самаладай жарқыратып жарық орнатыпты. Тазалыққа да мән берілгені байқалады. 
Ауыл халқы бір серпіліп қалды. Бұл – жастардың ұйымшылдығы, ауылдастардың ауызбірлігі арқасында іске асқан ізгілік.жарколь

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓