Жерлестер жүлдемен оралды
Жақында Қапшағай қаласында белбеу күресінен ҚР Кубогы үшін өткен республикалық турнир мәреге жетті. Оған еліміздің он екі қаласынан жүзден астам бозкілем шебері қатысты. Осы жарысқа қатысқан қостанайлық спортшылар жеңіс тұғырынан көрінді. Мәселен, 68 келі салмақта сынға түскен Әділет Жаңбыршы турнирдің «қола» медалін жеңіп алса, 100 келі салмақта кілемге шыққан Тоқтар Жиентаев «күміс» медаль еншіледі. Ал 100 келіден жоғары салмақта белдескен Талғат Жиентаев жарыс жеңімпазы атанды.-Турнир өте тартысты өтті. Палуандардың арасында осалдары жоқ. Бірақ, шәкірттерім аянып қалған жоқ. Кілемде барын салды, – дейді белгілі жаттықтырушы Сәлім Атығаев.
Әлібек ЫБЫРАЙ