“Қостанай таңына” жазылу – баршамыздың міндетіміз” дейді федоровтық оқырмандар

Аудан әкімі Қайрат Ахметов

Газеттің Бас редакторы Жанұзақ Аязбекұлы бастаған редакциялық топ Федоров ауданында жылы шырайлы жүздесуге куә болды. Байыр-ғы Жаркөл өңірінде "Қостанай таңы" газетінің оқырмандары айтарлықтай көп емес. Өйткені мұндағы қаракөздеріміздің үлес салмағы бар болғаны 17 пайыздан сәл асады. Оның ішінде ана тілін әсте білмейтін қандастарымыз да бар. Солай бола тұрса да "Қостанай таңы" газетінің шынайы оқырмандары аз емес. Федоров ауданындағы "Қостанай таңы" күндеріне осындай белсенді оқырмандарымыз жиналды. Алдымен аудан әкімі Қайрат Ахметов сөз алды. Бұл азаматты көпке таныстырып жа-ту артық. Нағыз ұлтжанды, іскер басшының облыстық газетке деген көзқарасы да түзу. Оны біз мынадан байқадық:

Аудан әкімі осылай деп ілтипат білдіргеннен кейін газетіміз-дің Директор-Бас редакторы Ж.Аязбекұлы басылымның бү-гінгі бет-бейнесі, тыныс-тіршілігі туралы кеңірек әңгімелеп берді. Федоровтық оқырмандар да өз тілектерін, лебіздерін,ұсыныстарын айтып, кездесу әжептәуір диалог алаңына айналды.

Роза Құлышбаева

Бектемір Өміржанұлы

Мұратбек Нұрымов
Жанұзақ Аязбеков: Егер газеттің қызметкері болса, онда жарияланған мақала үшін қаламақы төленеді. Ал авторларға ондай мүмкіндік қарастырылмаған. Бірақ, өзіңіз айтпақшы біз үнемі жастардың күнделікті тыныс-тіршілігін көрсетуге ұмтыламыз.

Әйкерім Сұлтанова
Жанұзақ Аязбеков: Газет міндетті түрде өзгеруі тиіс, дамуы керек. Бұл жағынан келгенде біздің де алға қойған мақсаттарымыз биік. Сол үшін жұмыс іс-теп жатырмыз. Біз келешекте сараптамалық материалдарды кө-бірек берсек деген ойымыз бар. Газетіміздің көлемін ұлғайтуды да көздеп отырмыз. Сондай-ақ танымдық материалдарға кө-бірек көңіл бөлсек деген жоспарымыз бар.

Мекка Ғаппарқызы
Жанұзақ Аязбеков: Мен осы қызметке келген күннің ертеңінде Қостанайдағы барлық дүңгіршектерге адам жіберіп, он-да газет бар ма екен деп тексерттім. Сонда бірде-бір дүңгір-шекте "Қостанай таңы" жоқ екен. Қазір, Құдайға шүкір, барлығында, біздің газет сатылымда бар. Оны жеткізуді біз өз мойнымызға алдық. Ал енді аудан орталықтарына біздің қолымыз жете қойған жоқ. Бұл біздің назарымызда болады. Алдағы уақытта қала әкімімен келісе отырып, Қостанайда "Қостанай таңының" өз дүңгіршегін ашпақ ойымыз бар.
Әдеттегідей Федоров ауданында да "Қостанай таңы" газетінің жанашырлар клубы құ-рылды. Оның төрағасы болып аудан әкімі Қайрат Ахметов тағайындалып, Алғыс хат пен арнайы куәлік табыс етілді. Сондай-ақ осы клубқа Наташа Жұпар, Гүлім Сәлмен, Әсия Нұрахметқызы мүше болды. Газеттің Бас редакторы үш адамды "Қостанай таңына" тегін жаздырту үшін клуб мүшелеріне сертификат табыс етті.
Ал Ержан Есмағамбетов, Аружан Қайыржан, Айдана Зейнина және Данагүл Жарыс сынды жоғары сынып оқушылары "Жас тілші" куәліктеріне ие болды.
Күннен күнге ажарланып келеді,
Күллі әлемнің ақпаратын береді.
Сүйікті айдар "Редактордың әлемін"
Оқи бергім,оқи бергім келеді…
Өзіңді оқып әр таңды атырамын,
Өзің жайлы жаза аламын батыл ән.
Ойға шуақ, бойға қуат беретін
"Қостанай таңы" газетіне,
Баршаңызды жазылуға шақырам.
Әйкерім Сұлтанова
Материалдың бейне нұсқасын "Қостанай таңы" газетінің сайтынан көре аласыздар.