«Балаларға шаттық»
Аллаға сансыз шүкірлер болсын бүгін жұртымыз Ұлы болған Ораза айт мейрамын қуана қарсы алып, әр мұсылманның жүзі нұрға толып, көңілі таса көтерілуде. Еліміздің барша мешіттерінде айт намаздары оқылып, жиналған жамағат бір-бірлерін тілектермен жаудыруда.Жүрекке жылу орнатар осынау ұлы мейрамда Рудный қалалық «Нұр» мешіті «Балаларға шаттық» атты акциясын ұйымдастырып, балақайлардың да көңілін көтеруде. Бас мүфтиіміздің бастамасымен басталған бұл игі іс шара, Рудный қалалық «Нұр»мешітінің Бас имамы Сейіт қажы Темірбекұлының ұйымдастыруымен болған шара қаламыздың ірі ауласының бірінде жоғары деңгейде аталып өтті. Шараға қатысқан балаларға мешіт атынан сусындар мен тәттілер үлестіріліп берілді.Бұл мейрамның қуанышын сезінген балалардың жүздеріне күлкі орнап, мешіт қызметкерлеріне бал тілдерімен рахметтерін жеткізді.
Пайғамбарымыз (с.а.у):«Балаларға ілтипатпен қараңдар және жақсы түрде тәрбиелеңдер»,- деген хадисінде айтылғандай балаларға дұрыс тәлім тәрбие беру әрбір мұсылманның міндеті. Сондықтан да, балаларға шаттық сыйлаған бұл акция көпке үлгі болып, еліміздің басқа өңірлерінде де осындай игі шаралар жалғасын тауып, бүлдіршіндердің жүздерінен күлкі кетпеуін Алла нәсіп еткей!