Оспанқожа әулие мешіті жаңарды

Торғай кентіндегі Оспан қожа əулие мешіті қайта жаңғыртылды. мешитАрада 25 жыл өткенде Торғайдың төл перзенті Кəдір Жүнісұлының балалары Қасым, Алтай, Абай ағаларымыз өз қалталарынан 45 млн теңге қаражат бөліп, мешітке қайтадан күрделі жөндеу жасапты. ҚМДБ Қостанай облысы бойынша өкіл имамы Бақытбек Тəжімбет, Ризабек Батталұлы, Жасұлан ұстаз, Шоқан Әмірханов бастаған дін өкілдері халыққа өнегелі насихат айтып, ел бір рухани серпілді. Шараны ақын, журналист Абылай Мауданов жүргізді.
Айбек Қалиев, Мұхтар Ниязов, Тоба Өтепбаев, Рүстем Қайыртайұлы сынды ақындар айтыс жасаса, Біржан Жүзбай бастаған өнерпаздары бар «Мұрагер» ұлт-аспаптары ансамблі концерт қойды.  Мерекеден кейін ас беріліп, соңы күрес пен ат бəйгесіне ұласты. Ат бəйгесінің бас жүлдесін Нүридден қажы тіксе, күреске Жұмақан Қасымхан бастаған ұжым демеушілік етті. Ел азаматтары Елдос Жаншурин, Қайрат Наурызұлы сынды азаматтар меймандарға бір-бір ат мінгізді. Осы бір ұлағатты іске мұрындық болған Оспан қожа əулие мешітінің имамы Рүстем бауырымызды айтпай кетуге болмас. Азаматтарды жұмылдыра білген аудан басшысы Шота Сəбитбекұлының да еңбегі зор.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓