Әншіге құрмет көрсетті

      Ұлы мәртебелі өнерге деген іңкәрлік Ырысты Ерденқызын бойжеткен шағында-ақ үлкен сахнаға жетеледі. Бойындағы құдай берген табиғи таланты ауылдан шыққан қарапайым «қара қызды» елу жылдан бері ән әлемінде әлдилеп келеді. Қолынан түсіргісі жоқ. Ол күміс қоңыраудай сыңғырлаған ерекше дауыс иесі, талантты сахнагер, талапты режиссер. Қысқаша қайырсақ, өнердің өз өкілі. Сондықтан шығар, әлі күнге дейін Ырысты мен өнерді бөліп қарау мүмкін емес сияқтанады тұрады.IMG_5769
           
IMG_5796 Қостанайдағы Островский атындағы орталықтандырылған қалалық кітапхана ұжымы КСРО мәдениет ісінің үздігі, әнші Ырысты Ерденованың өмірі мен шығармашылығына арналған тамаша бір тағылымды кеш өткізді. «Өнерім-өмірім» деп аталған музыкалық кездесу кешіне әншінің араласқан ортасы – кезінде бірге қызметтес болған дос-жарандары, өнер жанашырлары жиналыпты.IMG_5775
          Тағылымға толы кездесудің шымылдығы  композитор Бақытжан Сәуекеновтің «Туған жер – Торғайым» әнімен түрілді. Одан әрі кеш иесі сөз алып, өнері мен өмірі жайлы әсерлі сыр шертті. Рас, Ырысты Ерденқызын елі құрмет тұтты, қадірледі. Халық шынайы бағасын берді. Сол биіктен әлі бір төмендеп көрген емес. Оны осы кеште сөз алған ел ағаларының пікірінен анық аңғаруға болады. Жанкелдин ауданында ұзақ жыл қызмет істеген Қойшы Сәрсенгелдин, Тұрсын Құлмағамбетовтер кеш иесінің Торғайдың өнері мен мәдениетінің өркендеуі жолындағы жемісті еңбектері туралы әңгіме толғаса, еңбек ардагерлері Беген Көпеш, Ғайнижамал Бердалиновалар саңлақ әншіге ізгі лебіздерін білдірді. Кездесу барысында әнші өз репертуарындағы Б. Хамзиннің «Торғай қызы» , «Қайдасың, Шолпаным-жұлдызым» әндерін әуелете шырқады.IMG_5841
         «Өнер табиғаттікі. Табиғаттан тартып алған адам ғана шынайы өнер иесі» депті ілгеріде әйгілі суретші Альбрехт Дюрер. Саналы ғұмырын өнерге арнаған адамға дәл қойылған «диагноз» бұл. Кештің өне бойынан түйгеніміз осы.IMG_5805
          Өнер иесімен болған кездесуде  әнші Оразбек Ғалымов, Түлкібек Рысмағамбетов және оның жетекшілік ететін «Ақ Дариға» әжелер ансамблі тамылжыта ән салып, жиналғандардың қошеметіне бөленді.
         Кешті кітапхана директоры Айгүл Сейдахметова қорытындылап, өнер иесіне ұжым атынан, барша оқырмандар атынан алғысын білдірді.
Әлібек ЫБЫРАЙ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓