Тағы да жеңіс!

Қазақстандық боксшы Иван Дычко АҚШ-та кәсіпқой рингте екінші жеңісіне қол жеткізді. дычко
Ол америкалық Родригес Кейджбен жұдырықтасты. Оның қарсыласы кәсіпқой рингке бірінші рет шыққан. Төрт раундтық жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Жерлесіміз қарсыласын үшінші раунда нокаутқа түсірді. Жекпе-жек All Stars промоутерлік компаниясының ұйымдастырған бокс кешінің аясында өткен болатын. 
Осылайша, Иван Дычко кәсіпқой бокста екі жекпе-жек өткізіп, екеуін де де мерзімінен бұрын аяқтады. 
Еске салайық, кәсіпқой боксқа жуырда ғана ауысқан отандасымыз Иван Дычко өзінің бірінші жекпе-жегін америкалық Эйбур Райтпен өткізіп, кездесуді мерзімінен бұрын аяқтаған еді.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓