Карантин: кейбір шектеулер сол күйі қалдырылды
Карантиндік шараларды жұмсартудың бірінші кезеңінде ойын-сауық, спорттық, отбасылық, естелік, салтанатты және басқа да бұқаралық іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салу бұрынғысынша сақталуда. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.
«Егер біз карантиндік шараларды жеңілдететін болсақ, онда біз барлық нысандардың қызметіне және барлық ойын-сауық шараларын өткізуге рұқсат береміз деген қате пікір бар. Халықтың жаппай жиналуымен байланысты барлық іс-шаралар инфекцияның таралуы тұрғысынан өте қауіпті. Сондықтан, оларға тыйым салынады»,- деді Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер.
Сондай-ақ, эпидемиологиялық жағдайды сипаттайтын оң динамиканы сақтау мақсатында енгізілген карантиндік шараларды жұмсартуға қарамастан барлардың, түнгі және ойын клубтарының, караоке, кинотеатрлар фудкорттарының және балалар мен ересектерге арналған өзге де ойын-сауық орындарының қызметіне тыйым салынуда.
Бұдан басқа, карантиндік шараларды жеңілдетудің бірінші кезеңінде мәдениет объектілерінің, мұражайлардың жұмысына, конференциялар, көрмелер, форумдар өткізуге тыйым салынады. 17 тамыздың дүйсенбісінен бастап бассейндердің, қалалық және қоғамдық жағажайлардың, ашық аквапарктердің жұмысына тыйым салынады. Діни нысандар да жабық күйінде қалып отыр. Қоғамдық көлікке келетін болсақ, жеңілдеудің бірінші кезеңінде қала маңындағы жолаушылар поездарының/электр пойыздарының қозғалысына, жұмыс пойыздарын, қалааралық автобустарды/шағын автобустарды қоспағанда, жалпы вагондарды қалыптастыруға тыйым салу сақталуда.