Әйел әжейге қол жұмсаған
Қостанай аудандық соты 33 жастағы азаматшаға қатысты істі қарады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 1984 жылы туған əйел ҚР əкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабы 1-бөлімі бойынша кінәлі деп танылды. Ол үстіміздегі жылдың 16 мамыры күні Мичурин ауылындағы подъездердің бірінде 1949 жылғы зейнеткердің бетіне соққы жұмсаған. Мұрны қанаған зейнеткер көмекке күйеуін, көршілерін шақырған. Бұл уақытта əйел подьезден қашып үлгерген.
Кейін анықталғандай, егде кісі əйелдің апасы болып шықты. Сот үкімі бойынша соққы жұмсаған əйел əкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол 34 мың теңге көлемінде айыппұл төлейді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.