Рудныйда оқу-семинар өткізілді

Қазіргі уақытта табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың теріс салдары алаңдаушылықты тудырып отыр. Олардың елеулі әсері мемлекеттік экономикада, қорғаныс қабілеттігінде, ұлттық қауіпсіздікте түгел белгіленеді. Сондықтан ТЖ алдын алу, жою, шаруашылық объектілерін тұрмыс-тіршілікте қалыпқа келтіру, ТЖ болған тұрғындар аумағындағы мәселелердің мемлекеттік маңыздылығы зор.

фото 3

Рудный қаласының Төтенше жағдайлар басқармасымен Қостанай облысының әкімі Н.М.Садуақасовпен бекітілген Ауылдық округ әкімдерімен оқу-семинар жүргізу жоспарын орындауда азаматтық қорғау аясында ауылдық округ әкімдерімен оқу-семинар өткізілді. Оқу семинарға Қашар ауылының әкімі М.С.Қуанышбаев және Горняцкий ауылының аппарат әкімі А.Г.Мұхаметжанов қатысты.
Оқу-семинар барысында табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың (орман өрттері, тасқын су) барысында тұрғындарды және аумақты қорғауды ұйымдастыру, тұрғындарды және ауылшаруашылық жануарларын эвакуациялау тәсілдері және әдістері зерделенді.

фото 1

Қазақстан әлемдегі демократиялық, зайырлы, әлеуметтік құқықты мемлекет ретінде өзін белсенді нағайтты, яғни жоғарғы құндылыққа адамды, оның өмірін, құқығы мен бостандығын, өмір-тіршілігіндегі қауіпсіздікті қойды. Сондықтан азаматтық қорғау аясында пайда болған мәселелер заманауи кезеңде аса-зор өзекті аталым болып отыр. Оларды шешуде заң талаптарын және негізгі ережелерді білу, оны нақты сақтау орасан зор роль атқарады.  

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓