Үздік ұстаздар марапатталды

Ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин кесенесінің ашылуы Е.Өмірзақов атындағы облыстық филармонияда өткен «Туған жер – Туған ел»: білім беру жүйесін дамыту бағдарламасы» атты ғылыми-практикалық конференцияға ұласты. Аймақтық білім басқармасының басшысы Б.Дәуімова мен өңірдегі жоғары және арнайы кәсіптік, орта білім беру мекемелерінің жетекшілері мен өкілдері туған жерімізде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндап, жоспарларымен бөлісті.IMG_3233
IMG_3183Конференция соңы аймағымыз бен елімізде үздік танылған ұстаз қауымын марапаттау рәсіміне жалғасты. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов ҚР білім беру саласын дамытуға айрықша үлес қосқан Қостанай қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Г.Оразбаева мен Рудный қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Н.Юдинаға «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісін тапсырды.IMG_3190Әулиекөл ауданы өнер мектебі жанындағы театр бөлімінің оқытушысы С. Оспанова «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгісінің иегері атанды.
IMG_3264Мұның сыртында ҚР Білім және ғылым министрлігінің мадақтамасы, министрліктің алғыс хаты, облыс әкімінің мадақтамасын алған ұстаздардың қатары аз емес. Ал республикалық, халықаралық дәрежеде жаңашылдығымен озық танылған оқытушылар «Ұлағат» сыйлығының иегерлері атанды. Оларға арнайы статуэт пен ақшалай сыйақы берілді. Үздік педагогтар мен білім саласының жанашырларына «Ұлағат» арнайы сыйлығы былтырдан бастап тапсырылып келе жатқанын айта кетейік.IMG_3282
IMG_3278Біздің өңір ұстаздарының шәкірт тәрбиелеумен қатар заманауи оқулық авторлары екенін мақтаныш етуіміз керек. Қостанай және Лисаков қалаларының 38 мұғалімі мектеп және мектепке дейінгі мекемелерге арнап 7 оқу-әдістемелік құралын құрастырып шығарған екен. Өңір басшысы  аталған топтың жетекшісі Т.Калашниковаға 760 мың арнайы сыйлық табыс етті.
Бұл жолы да әлемнің 17 мемлекетінің сахнасына шығып, еліміздің абыройын қорғап келе жатқан әйгілі «Карнавал» хореографиялық мектебінің еңбегі зор бағаланып отыр. Өнер ұжымының директоры, Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері Ш.Фахрутдиновке еліміздің білім саласы мен хореография өнеріне қосқан зор үлесі үшін ноутбук сыйға тарту етілді.
 
Қыдырбек Қиысханұлы
Суреттерді түсірген Бағдат Ахметбеков

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓