Қылмыс азайған

Өңірде өткен он екі айда қылмыстық ахуал 16,4%-ға дейін төмендеген. Бұл жөнінен облысымыз еліміз бойынша 7-ші орында тұр. Бұл туралы ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Қостанай облысындағы басқармасы бастығы Марат Қайбжанов БАҚ өкілдерімен өткен брифингте айтты. 
«Былтыр қылмыстық құқық бұзушылықтың төмендеуі облыстың барлық өңірлерінде байқалады. Әдетте, құқық бұзушылықтардың көпшілігі облыс орталығы Қостанайда – 3 250, Рудныйда – 964, Қостанай ауданында – 567, Жітіқара ауданында – 338 тіркелген. Жалпы, қылмыстың барлық санаттары бойынша айтарлықтай азайды, – дейді Марат Қайбжанов.
Өңірде кісі өлтіру, қарақшылық, тонау, ұрлық, алаяқтық, бұзақылық сияқты қылмыс саны азайған. Таратып айтар болсақ, кісі өлтіру 34,5%-ға, алаяқтықтың 2,9%-ға төмендеген. Алайда, Меңдіқара, Аманкелді ауданында және Рудный, Лисаков қаласында артқаны байқалады. 
Өткен жылы барлық істердің жартысынан көбі интернет-алаяқтық болды: 72% немесе 1 755 құқық бұзушылық. Сонымен қатар, тонау 32%-ға, бопсалау 109,1%-ға өсті. Қылмыстың бұл түрі бойынша Қостанай қаласы көш бастап тұр. Сондай-ақ денсаулыққа ауыр зиян келтіру деректері 22,9%-ға көбейген. 2021 жылмен салыстырғанда облыста жол-көлік оқиғаларының (ҚР ҚК 345-бабы) 9,7%-ға, отбасылық-тұрмыстық салада қылмыстық құқық бұзушылық 10,3%-ға артқаны байқалады.
«Жалпы, жоғарыда аталған деректер облыста қылмыстық ахуал түзелгенін көрсетеді. «Бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде комитет әзірлеген «қылмыстық құқық бұзушылықтар картасы» интернет – порталының жұмысын ерекше атап өткім келеді. Мәселен, халықтың күнделікті өміріне, сондай-ақ қылмыстың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың жұмысына арналған. Оның көмегімен құқық қорғау және қылмыстың алдын алу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдардың жұмысын ұйымдастыруды қайта қарау үшін қаланың немесе ауданның ең криминогендік учаскелерін анықтауға болады. Жүйе онлайн режимінде жұмыс істейді, деректер автоматты түрде жаңартылады, – дейді Марат Қайбжанов.
 
Шұға ҚОҢҚАБАЙ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓