Қайран жастық-ай!..

Бала күннен жұптары жазымаған Сағи Әбілхасенұлы мен Сағындық Мырқалиев Қазақтың Әл-Фараби атындағы мемлекеттік университетінің филология факультетінде оқып жүрген кезі болса керек. Калинин жатақханасында бір бөлмеде жатады. Бір күні бұлардың бөлмесіне екі бойжеткен келіп, Сағиды ертіп әкетеді. Ол досына мұның жай-жоспарын айтпайды. Осыған ренжіген Сағындық Сағидың алдына  төмендегі ренішін жазып қойыпты:
Қымбатты жан Нәпен дейсің,
Басқаларды бөтен дейсің.
Сыйпаттайын сол аруды,
Достық жолмен өтердей сын.
Мақтағаның бекер екен,
Ешкі-лақтай секеңдеген
Алып-қашпа мінезі бар,
Жігіт көрсе елпілдеген.
Сен ақылды қыз дедің бе?
Табылмайтын іздегенде
Болса ақылың көрінгенге,
Жүрегіңді үзбелеме.
Досының өкпе – назына Сағи былайша жауап қатыпты:
Қызы ғой ол Семейдің,
Баянға оны теңеймін.
Ас құймаспыз түріне,
Қалпын жаман демеймін.
Өзі келіп тұрғанда,
Соңына қалай ермейін.
Көре алмастай осыны,
Төмен бе еді деңгейің,
Көзге түссең дәл мендей,
Саған қарсы келмейін, – депті.
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓