Көрме ашылды
Облыстық сурет галереясында «Өнер толқынында» деген атаумен жас суретші Мейрамгүл Ордашеваның көрмесі ашылды. Көрмеге автордың 32 туындысы қойылған.
Бұл қылқалам шеберінің үшінші көрмесі. Алғашқысы, Лев Толстой атындағы облыстық кітапханада ұйымдастырылса, енді бірін Челябі қаласының тұрғындары тамашалау мүмкіндігіне ие болыпты. Мейрамгүлдің 2013 жылы жас суретшілердің «Жас толқын» деп аталатын облыстық байқауында жүлделі екінші орынды иеленгенін айта кеткен жөн.
-Оның туындылары көңілге қонымды. Қарап отырсақ, суреттерден Отанға деген махаббатты, қазақтың салт-дәстүрін анық байқауға болады, – дейді жас дарын иесінің туындыларын тамашалауға келген студент Светлана Бережная.
Аталмыш көрмені бір ай тамашалауға болады.