Қателер қашан жөнделеді?

Сарыкөл ауданында ана тілдің мәртебесін арттыру мақсатында, маңызды жұмыстар жүргізіліп жатқаны жиі жария етіледі. Әйтсе де,  көшелерде ілулі тұрған қазақ тілді көрнекі ақпараттар күмән туғызады. Себебі ондағы қателер көзге шыққан сүйелдей шошайып тұр. Бір қызығы, ресми тілдегісі ережеге сай болса, ал мемлекеттік тілдегісі неменеге сүйеніп жазылғанын білмейсің. Жөндеп жазатын бір сауатты қазақтың табылмағанына қайран боласың. Кате 
Айталық, орталық алаңда «Ауданның құрметті азаматтары» деген сөйлемде «ң»-ның аяғы жоқ. «Урицкий» дүкені «Детское» деген сөздің қазақшасы «Балалық» деп қате аударылған. Дұрысы «Балаларға арналған» болуы керек. Ал, «Вавилон», «У Нины», «Моя семья» дүкендерінде «Күн тәртібі» деудің орнына «Кұн тәртібі» деп жазып қойыпты. «Версаль» дүкенінде «Сервистік қызмет көрсету үйі» деген сөйлемді «Тұты нушыларға қызмет көрстеу Үиі» деп өрескел қатеге бой алдырған. Мұндай қателер мұнымен шектелмейді. Сондай-ақ, кейбір жерлерде көрнекі ақпараттардың қазақша нұсқасы мүлдем жоқ. Бұны қалай түсінуге болады?кате 1
Қысқасы, мұндай қателерден көз сүрінеді. Тіпті, көңілің құлазып, жүрегің сыздайды. Мінеки, осы мәселеге байланысты базынамызды арқалап «Сарыкөл ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне барған едік:
-Жалпы, аудан бойынша көрнекі ақпарат жылына 2 рет тексеріледі. Яғни, сәуір-мамыр айларында және екі ай жіберілген қателерді түзетуге уақыт беріліп, тамызда қайта тексеріледі. Соңғы тексеру 2013 жылдың сәуір-мамыр айында болды. Онда бас-аяғы – 138 мекеме мен ұйым тексеріліп, оның 32-не ескерту жасалды. Алайда, 2014 жылы шағын және орта бизнес нысандарын тексеруге тыйым салынып, бұл жұмыс 1 жылға тоқтады. Есесіне, биыл қателермен күрес қайтадан басталды. Біз де жұмысқа жақсылап кірісудеміз, – деп жауап берді мекеме әдіскері Гүлбаһра Елеуова.
Оған да сендік…
 
Руслан ӘЛКЕЕВ.
Сарыкөл ауданы.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓