Елде энергия арзандайды
Биыл "Электрэнергетика туралы" Заңға бірқатар өзгерістер енгізілді. Соның аясында xалық үшін энергияның бағасы төмендеуі тиіс, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. "Бізде 140 шағын компания энергия жеткізумен айналысады. Олардың иелегіндегі электр желілер де үлкен емес, ұзаққа созылмайды. Негізі, қуат көздерін тұтынушыға жеткізу саласында осы іспетті шағын компаниялардың көптігі энергияның соңғы бағасына қатты әсер етеді де, соңғы бағаның қымбат болуына себеп болады. Қазақстан үшін ол – үлкен проблема", – дейді ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылар құқықтарын қорғау қорғау комитетінің төрағасы Азамат Майтиев Астанада өткен конференция барысында.
Оның айтуынша, аталған мәселеге байланысты ағымдағы жылы маусым айында "Электрэнергетика туралы" Заңға өзгерістер енгізілген болатын. Аталған құжат бойынша қуат көздерін жеткізуге қатысты талаптар күшейтілді. Осының нәтижесіде шағын компаниялар ірі кәсіпорындармен бірігеді деген жоспар бар.
"Осылайша, энергия жеткізу тізбегі барынша қасқаруы қажет. Шығындар азаяды. Демек, xалық үшін электрэнергия арзандауы тиіс", – деп атап көрсетті Майтиев.