Халық қалаулылары – Қостанайда

Жеңіс Нұрғалиев бастаған Cенат депутаттары Қостанай жеріне келді. Олар өңірдегі өндіріс ошақтарын аралап, еңбеккерлермен кездеспек. Сондай-ақ, инвестицияға берілетін субсидия мәселесін бақылайды.IMG_1142 - копияХалық қалаулыраы әуелі облыс әкімі Архимед Мұхамбетовпен жүздесіп, аймақтың тыныс-тіршілігі жайлы сұхбаттасты. Өңір басшысы құрметті қонақтардың астықты аймаққа ат басын бұрғандарына шексіз риза екендігін жеткізіп, бірталай мәселені баян етті.
-Қостанай облысы биылғы жылды жемісті аяқтамақ. Сіздерді аймақтағы ірі кәсіпорындарды аралауға шақырамын. «Соколов-Сарыбай» кен өндіру бірлестігі мен машинақұрастыру саласындағы «СарыАрқаАвтопромның» және «АгромашХолдингтің» бүгінгі аяқ алысымен таныс болыңыздар. Ауыл шаруашылық саласында «Милх» сүт өнімдерін шығаратын зауыты мен «ҚарасуЕт» цехі жемісті жұмыс істеп отыр. Одан бөлек, егістіктің 98 пайызы орылды. 5 млн тоннаға жуық астық алдық,-деді облыс басшысы.IMG_1143 - копияСонымен қатар жуырда Қытай елінде өткен форумға қатысып, екі ел арасындағы экономикалық байланыстың артып келе жатқанын тілге тиек етті.IMG_1147 - копия-Қытайда өткен форумға қатысып, инвесторларды тарттық. Енді біздің облыста май өңдейтін зауыт ашылмақ. Құны – 100 млн еуро. Жылына 310 мың тонна шемішке майын шығарады. Сосын дайын өнімді Қытайға жібереміз,-деді А.Мұхамбетов.
-Проблемалар да жоқ емес. Ең басты мәселе – инвестициялық субсидия. Ауыл шаруашылық саласында техниканы жаңартып , жобаларды жүзеге асыру керек. Сондықтан қаражат қажет-ақ, ал субсидия жетпей жатыр. Тиісті министрлік әзірше 4 млрд теңге бермек, келер жылы тағы да бөлуге уәде етіп отыр. Осындай түйіткілді мәселелер шешілсе дейміз.
Тағы бір мәселе – Торғай жақтағы ауызсу. Біздің жобаларға енген, алайда жергілікті тұрғындар үшін тариф құны қымбат болып тұр. Өткен жылы 26 млн теңге бөлініп, депутаттар көмектескен еді, ендігі сол мәселені тағы қайта қолға алу керек болып тұр,-деді облыс әкімі.
 
Кенже ҚОНЫСБАЙ
Суреттерді түсірген Бағдат АХМЕТБЕКОВ.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓