Давыденов емес, Еңбек

Қостанай облысы Қостанай ауданындағы ауылдың атауы қазақшаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қостанай ауданындағы 130 жылдық тарихы бар Давыденов ауылының атауын Еңбек деп өзгерту туралы бастама былтыр көтерілді. Ал биыл құрамында облысқа танымал ақын-жазушылар мен жеке кәсіпкерлер бар бастамашыл топ аудан әкіміне ұжымдық хат жолдаған-ды.   давыденовка«Давыденов ауылының тарихы тереңде жатыр. Дегенмен, бұл ғана емес, біздің облыстағы бірнеше жер-су атауын ауыстыру қажеттілігі туындап отыр. Жас ұрпақ әр өлкенің тарихын білуі тиіс. Мұны Елбасымыздың өзі баса айтты. Олай болса, атауы ескірген елді мекен де жаңғыру үрдісінен өтуі керек», – деді ауыл тұрғыны Ертай Жанділдин.
Алайда, бастамашыл топқа қарсы жауап хат жазып, жаңа атауға қарсы болғандар да кездесті.  
«Ауыл атауын өзгерту үшін көп қаражат керек. Давыденовканы өзгертсек, барлық құжаттарымызды да ауыстыру қажет. Екіншіден, ауыл бұрыннан осылай аталады. Бұл жерде асықпай, ойланып шешім қабылдаған жөн», – деді ауыл тұрғыны Алексей Грапов.
Тұрғындар аудан әкімдігінде өткен жалпы жиында осы мәселені көтерді. Давыденовка ауылында тіркеуде тұрған барлық тұрғынның дауыс беруі арқылы шешім шығарылды. Арнайы комиссияның есептеуінше, "Еңбек" деген атауды 96 адам қолдаған. Қарсы болғандары – 63.
Сонымен, Давыденовка ауылы Еңбек болып өзгерді. Еңбек ауылы аудан орталығы Затобол кентінен солтүстік-шығысқа қарай 27 шақырым жерде орналасқан. Іргетасы 1886 жылы қаланған.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓