Аймақтан қандай хабар бар?

Оқу орындары күзетіледі
Облыста. 700-ден астам адамы бар мектептер мен колледждерде күзет қызметі жұмыс істейтін болды. Бұл Қостанай, Рудный, Арқалық, Лисаков қалаларында іске аспақ. Олар мекемелерді күндіз-түні күзетеді. Күзет қызметін лицензиялауға 94 млн теңге бөлінген. Заң бойынша, мекеме басшылары күзетшілермен келісім-шарт жасасуы тиіс.
 
Автоспорт шеберлері анықталды
Қостанай. Kostanay Ice Ring автоспортынан жарыс өтті. Облыстық чемпионатқа 16 әуесқой спортшы қатысты. Шеберлікті қажет ететін дрифттен бірінші орынды Әмір Ямалтдинов жеңіп алды. Биыл қатысушылар географиясы да кеңейе түскен. Оған қостанайлықтармен бірге Алматы, Петропавл, Көкшетау қалаларынан пилоттар келіп қатысқан.
 
Жаңа маршрут іске қосылады
Рудный. №25 маршрутқа «Транс Авто Азия» ЖШС қызмет көрсетеді. Автобус пен жұмыс кестесі дайын. Қоғамдық көлік көп жыл втобус жоламай кеткен Горняк, Дзержинский, Мир көшелеріне баратын болды. ГАЗель Next маркалы екі шағын автобус 15  аялдама бойымен жүрмек. Алдағы уақытта №27 маршрутты іске қосу жоспарланып отыр.
 
Әкім сайлауы өтеді
Қарабалық. Аудан орталығында және Станционный селолық округінде әкім сайлауы өтеді. Дауыс беру 12 ақпанға белгіленіп отыр. Екі ауылда да бес сайлау учаскесінен жұмыс істейді. Бұған дейін 2021 жылы Бөрілі, Боскөл, Қособа, Тоғызақ, Новотроицк, Смирнов және Михайлов округтерінде өткен. Былтыр Өрнек округі мен Лесной ауылында әкім сайланған.
 
Үшем үйлеріне шықты
Меңдіқара. Николай, Евгений және Виолетта облыстық перзентханадан шығарылды. Қарқын ауылында тұратын Петровтар жеті баланың ата-анасына айналды. Олар жұмыс істейтін «Қарқы» агрофирмасы үшемге үш бөлмелі үй беретін болды. Отбасы жеке кәсіптерін қолға алуды жоспарлап отыр. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓