Кейкі батыр кесенесі ашылды
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту» мақаласы тарихи мұраны сақтауға бағытталды. «Ұлттық біртектіліктің тірегі саналатын ескерткіштер мен тарихи орындарын жаңғырту, қайта жөндеу жұмыстары Қазақстанның сакральдық географиясы жобасын ұйымдастыру аясында жалғаса бермек. Солардың бірі – Аманкелді ауданындағы Кейкі Көкембайұлы ескерткіші.
Тарихи шараға ҚР Парламенті депутаттары, елге танымал ақын-жазушылар, қоғам қайраткерлері қатысты. Сағат тура 11:00-ді соққанда тарихи сəт – батыр сүйегін жерлеу рəсімі басталды. Сүйекті жер қойнына тапсыру рəсіміне ҚР мемлекеттік хатшысы Гүлшара Əбдіхалықова, ҚР мəдениет жəне спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, Қостанай облысының əкімі Архимед Мұхамбетов, Венгрияның Қазақстандағы елшісі Барани Андраш, ҚР Парламенті депутаты Қуаныш Сұлтанов, жазушы Сəбит Досанов қатысты.
Кейкі батырдың кесенесі Аманкелді ауданына қарасты Тасты ауылының қырындағы, Жалдама-Арқалық тас жолының маңынан салынған. Кесенені салуды ұйымдастырған – Астана қаласындағы «ЕL-DAANA» архитектуралық бюросы. Оның басшысы – Эльвира Нұралиева. Бұл бюро Арқалық қаласындағы «Аллюминстрой» ЖШС-мен келісімшартқа отырып, құрылыстың біраз бөлігін соларға салдыртуды шешкен. Іргетасты құйған – осы серіктестік басшысы А.Мұқанов. Нысанның биіктігі – 15 метр.
Сонымен қатар, осынау тарихи сәтті "Қазақстан-Қостанай" арнасынан және сайтынан тікелей эфирде көре аласыздар.