«Ана тілім – ғасырлардан аманат»

Науырзым аудандық тілдері оқыту орталығы аудандық кітапханамен бірлесіп, ауылшаруашылық колледжінің бір топ студентімен осы тақырыпта дөңгелек үстел өткізді. Шара барысына туған тіліміздің қадір-қасиеті, өміршеңдігі және қазіргі заманның басты оқиғасы кириллицадан латын қаріпіне көшудің маңыздылығы сөз болды.БезымянныйӘңгіме барысында қазақ тілінің қазіргі жай-күйі, латын қаріпіне көшкенде табатын пайдамыз, парламент талқылауына берілген жаңа 25 әріп туралы да сөз қозғалды. Қоғамық кеңестің төрағасы, ауданымыздың құрметті азаматы Жаңбыршы Тұқатұлы латын әріпінің бізге , жас ұрпаққа берер пайдасы туралы айтып өтті. Студенттер көкейіне жүрген көптеген сұрақтарына жауап алып, тіліміздің көркеюі үшін латын қаріпінің берері мол екендігін түсінісіп тарқасты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓