Жастардың жобасы

Бүгін «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалының ұйымдастыруымен  «Жастардың кадрлық резерві» республикалық жобасын қолға алды. Облысымыздың әр аймағынан келген 14 жас өз жобаларын ұсынып, сараптама комиссиясы мүшелерімен  әңгімелесуден өтті.  
IMG_9720
«Жастардың кадрлық резерві» жобасын ұйымдастырушы Ерлан Төлетаевтың айтуынша, көшбасшы болуға ұмтылған жастар әлі де іріктеуден өтеді. Олар адамдармен тіл табыса біліп, мемлекеттік басқару, бизнес, қоғамдық қызмет және басқа салаларда өз іскерлік қабілеттерін көрсете білуі тиіс.
Жобаға қатысып жатқандар арасынан Нұрлыбек Елкей аталған жоба туралы пікірін білдірді:
-«Жастардың кадрлық резерві» өз ретінде жетістікке жетер жолға жетелейді. Жалпы өткізіліп жатқан шара білімді де білікті жастар үшін мол мүмкіндік береді.
Жоба аясында қатысушыларға оқыту модульдерін үйренуге, тренингтер, мастер кластар, дәрістер мен семинарларға қатысуына, әртүрлі мемлекеттік кәсіпорындардың басшылығымен кездесуіне, бизнес пен ғылымға, және әлеуметтік ұйымдармен жұмыс жасауына мүмкіндік жасалған.
 
Шұға Қоңқабай
Суретті түсірген Айбек Жүзбай

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓