Кесене “Киелі Қазақстан” жобасына енеді
«Естеріңізде болса, биыл «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы жасалды. Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болатыны анық, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Осылардың бəрі рухани дәстүрдің басты негіздері. Біз – рухани тарихы бар елміз. Сол себепті өткенімізді бағалай білейік», – деді «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының басшысы Берік Әбдіғали Қостанайда өткен Кейкі батырдың сүйегін жерлеу рәсімінде.
Берік Әбдіғали Кейкі батыр кесенесі «Қасиетті Қазақстан» орталығының жобасына кіретіндігін баса айтты.
Естеріңізге сала кетейік, батырдың бассүйегін жер қойнына тапсыру рәсімі "Қазақстан-Қостанай" арнасынан тікелей эфир арқылы көрсетілген болатын. Тамашалап үлгермегендер үшін аталмыш арна бұл оқиғаны кешкі 21.00-де қайталап көрсетеді.
Қасқырбай ҚОЙШЫМАНОВ.
Керемет костанай жасасын
Коре алмагандар кай сайттан коруге болады ис шараны
Истериниз тек алга бассын