Шақшақ Жәнібек жайлы жаңа кітап жарық көрді

«Болмысы бөлек бабамыз» атты бұл туындының авторлары – Қостанай облыстық сотының төрағасы Асламбек Мерғалиев пен журналист Абылай Мауданов. Кітапта тарихи тұлғаның өмір сүрген уақыты, өскен ортасы, қолбасшылық қабілеті, мәмілегерлік қыры туралы деректер топтастырылған. Қазақтан шыққан тұңғыш тарханның ата-баба шежіресі жайлы оқырман қауым хабардар болса да, нағашы жұрты туралы мәліметтер мардымсыз болатын.жанибек Авторлар, міне, осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында тың ізденістер жасаған. Осылайша, батырдың нағашы жұрты жайлы толыққанды ақпарат алғаш рет оқырманға ұсынылып отыр. Сондай-ақ, кітапта қазақ халқының қалыптасу тарихы, ел басқарған алып тұлғаларының аналары жайлы мағлұматтар да молынан қамтылған.  
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» ой-толғамы көпшілік қауымнан қызу қолдау тауып, іргелі істер атқарылды. Соның бірі – Қостанай қаласының төрінен Шақшақ Жәнібек батырдың ескерткішінің орнатылуы. Ескерткіштің салтанатты ашылуы қарсаңында батыр бабамыз жайлы жаңа кітаптың жарық көруі – Жәнібектануға қосылған үлес екені даусыз.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓