@culture_qostanai: желідегі жетістіктер

Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеу мақсатында өңірдегі мәдени-көпшілік іс-шаралар 16 наурыздан бастап онлайн режимде өткізіліп келеді. Облыстық көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы және кинобейнеқор орталығының директоры Дәмір Қалқаевтың айтуынша, карантин уақытында қостанайлықтар мәдениет саласының жаңалықтарынан тыс қалған жоқ. Ұжым қызметкерлері Қостанай және Атырау, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды  облыстарының белгілі тұлғаларымен тікелей эфирде кездесулер ұйымдастырды.
serg_018-1024x683
– Бұдан бөлек, онлайн байқаулар, түрлі акциялар, челлендждер, би марафондары, танымдық бағдарламалар, қайырымдылық сабақтары, шеберлік сабақтары, музыкалық шолулар, викториналар, естелік кештері, тарихи және танымдық әңгімелер, бейне презентациялар өткізілді. Мұның бәрі де көрермендерді қызықтыра алды. Сандарға шақсақ, облыс бойынша 160 онлайн концерт, 32 шеберлік сабағы, 38 сұхбат, барлығы 1215  іс – шара ұжымдардың мәдениет аккаунттарында ұйымдастырылды. Жалпы қаралым саны 490435-ке тең, – дейді Дәмір Қалқаев.
IMG_20200519_122941
Елдегі төтенше жағдай режимі Әулиекөл ауданындағы мәдени шаралардың өтуіне кедергі болмады. Мәселен, аудандық мәдениет үйі Абайдың 175 жылдығына арналған қызметкерлер арасындағы челенджін және отбасылық ансамбль өткізіп, «Жетікөл таланттары» рубрикасын ашты. Бұған қоса «Біз біргеміз, біз үйдеміз» акциясы мен дөңгелек үстел халықтың жоғары бағасын алды.
– Онлайн желіде Сұлтан Баймағамбетовке және Қостанай облысының тарихи жерлеріне арналған деректі фильм ұсынылды. Әулиекөл аудандық мәдениет үйі Қарақалпақ, Новонежин және Лесной селолық округтерімен бірлесіп 3 ауқымды шара көрсетті. Бұлардың бәрі жалаң цифрлар емес, керісінше, нақты істің көрсеткіші, – деп түсіндірді орталық басшысы.
PHOTO-2020-05-19-11-24-54
Қостанай ауданының Мәдени-демалыс орталығы іс-шараларын онлайн және офлайн режимде өткізді. Өнерсүйер қауым @culture_tobyl парақшасын жақсы білері анық. Аудан өнерпаздары көрермендері мен тыңдармандары үшін 109 рет «Инстаграм» желісіне шыққан.  Атап айтқанда, композитор А. Досжанов, әуесқой суретші А. Ахметов, музыкант А. Мұқатов, композитор және музыка өңдеуші К. Баймусиндер қызықты сұхбат құра білді. 27 мамырда ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері К. Деріпсалдинмен кездесу жоспарланған.
PHOTO-2020-05-19-11-24-59
– Қазақстан халқының бірлігі күніне орай ауданның мәдени мекемелері Instagram аккаунтында құттықтаулар ұйымдастырып, «Берекелі дастархан» атты ұлттық тағамдар көрмесін ұсынды. @culture_tobyl парақшасының тікелей эфирінде мерекелік концерт болды, онда Қазақстан Республикасының аумағында тұратын халықтардың түрлі тілдерінде әндер шырқалды. 6 мамырда ҚР Отан қорғаушылар күніне орай «Шабыт» тобының мерекелік онлайн концерті өтті.  Жеңістің 75 жылдығын мерекелеу аясында ауданның клуб мекемелері онлайн және офлайн форматта ерекшеленді. Шараларға тыл ардагерлері  А.Ф.Расулова, В.М.Хворостов және Г.А. Нұрмұхамбетова тікелей эфирде қатысты. «Жеңіске сәлем!» соғыс әндері онлайн байқауы да деңгейінде қойылды. 38 қатысушының ішінен  I орынды П. Исаченко (Заречный СДК), II орынды Гүлназ Жұмағанова (Қостомар ауылдық клубы) және III орын А. Буркивченко (Половников селосы) иеленді, – деді Дәмір Елтайұлы.
PHOTO-2020-05-19-11-25-00
Бүгінде @culture_tobyl «Инстаграм» парақшасы белсенді. «Таза қолдар», «Абай Құнанбаевтың 175 жылдығы», «Барлығы билейді!», «Отбасы күні» челлендждері үнемі өтіп тұрады.
– Мұндай форматтағы іс-шараларды өткізудің тиімді тұсы көп. Әуелі, көрерменмен байланыс бақыланады. Олар өздерінің пікір-түсініктемелерін қалдырып, эфирдерді өткізу барысында ұсыныстарын айтады. Бұл мәдениет ұжымдары үшін  маңызды. Себебі, біз халық үшін жұмыс істейміз. Көрермендердің географиялық аясы кеңейгені қуантады, – деп түйді Дәмір Қалқаев.
fullimage2
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓