“Қару” алдын алу шарасы басталды

Облыстық ІІД-нің қызметкерлері қыркүйек айының 11-і мен 14-і аралығында облыс аумағында “Қару” алдын алу шарасының басталғандығын айтады. Аталған шараның басты мақсаты – атыс қаруын, жарылғыш заттарды және жарылғыш қондырғыларды қолдану арқылы жасалатын қылмыстарды ашу және алдын алу, заңсыз қарулар мен оқ-дәрілерді анықтау және тәркілеу, осы бағыттағы жұмыстарды жандандыру.Қаруды заңсыз сақтаған
Сондықтан, облыс тұрғындары үйде заңсыз сақталған қару, жарылғыш заттар мен оқ-дәрілер болса, кез келген тұрғылықты жердегі ішкі істер бөлімдеріне тапсыра алады. Айта кетер жәйт, “Қару” алдын алу шарасы аясында өз еріктерімен заңсыз қаруды тапсырғандарға ешқандай әкімшілік және қылмыстық жаза қолдынылмайды.
 
Қ.МАРАТҚЫЗЫ

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓