Пәтер иелері құтқарылды

Қостанай қаласы Баймағамбетов көшесіндегі үйде өрт шығып, тұрғындар құтқарылды, – деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.өртВедомство дерегінше, пәтерде жиһаздар мен киім-кешекке от тиген. Құтқарушылар 12 адамды ғимараттан қауіпсіз жерге шығарды. Олардың үшеуі – бала. 
"Екі адам тілсіз жау құрсауынан құтқарылды. Олар – ерлі-зайыптылар, пәтер иелері. Жәбірленушілердің денесін төртінші деңгейлі күйік шалды. Бірақ олар ауруханаға барудан бас тартты", – делінеді хабарламада. 
Өрт сөндіруге жеке құрамның сегіз құтқарушысы жұмылдырылды. Себеп анықталуда. 
 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓