Інісіне пышақ жұмсады

Оқиға 6 қыркүйекте Рудный қаласында болған. Ақпаратты облыстық прокуратура қызметкерлері растады. 
Оқыс жайт түнгі 1-лер шамасында болады. 42 жастағы әйел 40 жастағы інісімен спирттік ішімдік ішкен. Екеуінің арасында кикілжің туындап, әйел өз бауырының қарын тұсына пышақ сұғып алады. Ауыр жараланған ер адам Рудный қалалық ауруханасында стационарлық ем қабылдап жатыр. Апасы ҚР ҚК 106-бабының 1-тамағына сәйкес күдікке ілінді. Ол бұл қылмысы үшін 7 жылға дейін бас еркінен айырылуы мүмкін. 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓