Меңдіқаралықтардың мерейі үстем

Биыл меңдіқаралық өнерпаздардың мерейі үстем болып тұр. Олай дейтініміз, ауданның әншілері тамыз айының 1-3 аралығында Ресейде өткен фестивальге қатысып,  жүлдемен оралды.
жас«Туған жер» жергілікті қазақ халқы шығаршамылығының фестиваль-байқауы Челябі облысы, Кизильксий ауданында өтті. Өнер бәйгесіне Ресей, Қазақстан, Башқұртстанның өнерпаздары қатысқан екен. Қазылар алқасының шешіміне сай елу қатысушының ішінен тек үздіктері таңдалды. Таңдаулының сапында еліміздің атынан сынға түскен  қостанайлықтар бар. Атап айтқанда, меңдіқаралық «Жастар» тобы «Халық әні» номинациясында Гран-приді жеңіп алды. Вокал тобы М. Нұрмұхамбетов, А. Сүлейменов және Д.Қайдаров есімді азаматтардан құралған. Әнші жігіттер Маханбеттің термесін нақышына келтіре орындады. Домбырашылар…. ұлттық аспапты ойнау номинациясында, жеке орындаушы М. Нұрмұхамбетов пноминациясында бірінші орынға иелік етті.
Қымбат Досжанова

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓