Торғайға тағы құлайды

"Байқоңыр" кешенінен "Союз-2" типіндегі жаңа ғарыш кемесі ұшырылады, деп хабарлайды Egemen.kz тілшісі. 
"Бұл – Ресейдің аспан әлемін зерттеуге бағытталған жаңа жобасы. Ал оның қалдықтары Қостанай облысының Жанкелдин ауданына түседі. Тасымалдағыш зымыран Поляр аймағына аттанады. Ғарыш кемесі мүлдем жаңа. Бұған дейін қолданылмаған. Сондықтан жобаны жүзеге асыру үшін Қазақстан Парламентінің рұқсатын алу қажет, – деп жазылған мақалада. – Бүгін Сенатта аталған заң жобасы қаралып, депутаттардың талқысына түсті. Зымыранның ұшырылымы және қалдықтардың бөлінуінен қоршаған ортаға айтарлықтай залал тигізеді. Соның есесіне Ресей үкіметі төлемақы төлеуге дайын".
Автордың жазуынша, егер зымыран жылына 3 рет ұшырылса, Жанкелдин ауданының әкімдігіне 460 мың АҚШ доллары көлемінде қаражат түседі. Келісім жобасы депутаттар тарапынан қолдау тапқан.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓