Жаңа министрліктердің басшылары белгілі болды

Бұрын министр болып, енді орынбасарлыққа тағайындалғандар өздері бұрын атқарып келген қызметтерінің бөлігін атқаруды жалғастырады. Үкіметтің кеңейтілген отырысында атқарушы биліктің жаңа құрылымына қатысты Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай шешім қабылдады.
отырыс Сондай-ақ Елбасы өңірлік даму министрі болған Болат Жәмішевтің Қазақстанның даму банкіне тағайындалатынын атап өтті. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігін Тамара Дүйсенова, ҚР Мәдениет және спорт министрлігін Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Инвестиция және даму министрлігін Әсет Исекешев басқаратын болады. Ал жаңадан құрылған ведомстволардың ішіндегі Энергетика және минералды ресурстар министрлігін Владимир Школьник басқарады. Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілеттілігі ҚР Ішкі Істер министрлігіне беріледі. Бұл орган Қалмұхамбет Қасымовтың басшылығында болмақ. Басқа министрліктер өкілеттіліктерінде бірқатар өзгерістер орын алғанымен,  басшылығы сол қалпында қалады.
«Біріктірілген министрліктер, қысқарып жатқан министрлер олардың жұмысында еш кінә жоқ. Үкімет менің тапсырмам бойынша оларды жұмысқа орналастырады. Ал бұрын министр болып, енді орынбасарлыққа тағайындалғандар өздері бұрын атқарып келген қызметтерінің бөлігін жалғастырады» деді мемлекет басшысы.

 

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓