Лисаковта мейрамхана өртенді

Қостанай облысының Лисаков қаласында бүгін түнде «Орда» мейрамханасы өртенді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. өртӨрт шамамен түнгі бірде болған. Лисаковтық өрт сөндірушілер 01:15-те мейрамхананың өртенгені туралы хабарлама алған. Бұл уақытта «Орда» мейрамханасы жабылғандықтан жапа шеккен адамдар болмады. Ал қала тұрғыны Стас Гаврилюктің айтуынша, өрт жарты сағат шамасында сөндірілді.
«Үйге енді келе жатқанмын. «Орданың» өртеніп жатқанын көрдім. Мейрамхана жанында өрт сөндірушілер жүрді», – дейді куәгер. Лисаков қаласы ТЖ бөлімінің мәліметіне сүйенсек, өртенген жердің аумағы – 35 шаршы метр.  «Ғимараттың жазғы дәмханасы өртенген. Әзірге өрттің неден шыққаны белгісіз. Біз тиісті орындарға хабар бердік», – деді Лисаков қаласы ТЖ бөлімінің бас маманы Айсұлу Тойғанова.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓