Сәби құдыққа құлап кетті (БЕЙНЕЖАЗБА)

Садчиков ауылында үш жарым метрлік терең шұңқырға құлап кеткен бала құтқарылды. 
Облыстық ТЖБ баспасөз қызметі мәліметінше, күні кеше ауылдың Леонов көшесіндегі 50-үй маңында болған оқыс жайт туралы қоңырау сағат 17:25 кезінде келіп түскен. Оқиға орнына жарты сағат шамасында жеткен құтқарушылар алдымен баланы арқанмен бекітіп, кейін құдыққа жапсарлас қосалқы шұңқыр қазған. Баланы құтқару жұмыстарына жергілікті жұрт та зор көмегін тигізді. 
"Біз ілмек жасадық та, одан әрі құлап кетпеу үшін қармақтың көмегімен баланың қолына түйіндеп бекіттік, осылайша құдық тереңдігін өлшесек, бала 3,5 метр тереңге құлаған екен, — деді отряд бастығының орынбасары Сергей Шмидт.
Құтқарушылар жапсарлас шұңқырды бала жатқан тұстан төменірек етіп қазып, одан кейін бүйірлей ұңғи бастайды. Балаға жетісімен оның үстіне құлаған құмнан аршып, жоғары көтеріп алып шыққан. Құтқару амалдары сағат 19.20-да аяқталыпты. 
 
 
Жапа шеккен сәбиге дәрігерлер оқиға орнында алғашқы көмек көрсетіп, кейін ауруханаға жатқызды. Қазір оның жағдайы бір қалыпты.

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓