Мавзолей жаңа кейіпке енеді
Қазіргі уақытта Қостанай ауданындағы Ыбырай Алтынсарин мавзолейінде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Келешекте ол жерде жаңа саябақ пайда болмақ. Оған 80 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген. Бұл қаражатқа кесенені жөндеу және сол аймақты абаттандыру қарастырылған.
– Ыбырай Алтынсарин атындағы жаңа саябақ болады. Ол келешекте қала қонақтары мен тұрғындары үшін тамаша, тарихи мәні зор орынға айналады. Сондай-ақ, түрлі іс-шаралар өткізуге қолайлы етіп жасамақпыз. Бәрімізге мәлім, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы арқылы мектеп оқушылары үшін қазір музей сабақтары оқытылады,-дейді облыстық мәдениет басқармасының басшысы Ерлан Қалмақов.
Суретті түсірген Бағдат Ахметбеков