Судьялар Суриков ауылына көмек көрсетті

Жуырда Қостанай облысының сот қауымдастығының өкілдері: облыстық сот судьясы Гүлманат Артықбаева және Қостанай аудандық сотының төрағасы Жұмабек Садуақасов тасқын судан зардап шеккен азаматтарға заң көмегін көрсету мақсатымен облыс орталығынан 62 шақырым қашықтықта орналасқан Қостанай ауданының Суриков ауылына барып қайтты. IMG_3048Биыл елді мекенде XX ғасырдың 40 жылдарынан бері болмаған су тасқыны орын алды. Қар мен жауын-шашынның көп болуынан Суриков өзенінің арнасына симаған ағынды су ауылды басып кеткен. Жергілікті тұрғындардың сөзінше, су 12 сәуірде көтеріле бастаған, ал 14 сәуірде 20 үй мен 25 аула су астында қалған. Жергілкті билікке төтенше жағдай туралы хабарланған. Ауыл тұрғындары баспанасыз, мүліксіз, күнделікті тұрмысқа қажетті заттарынан айырылды, барлығы су астында қалды. Бүгінде тасқын су деңгейі 2 метрге дейін жетеді, бірнеше күннен бері су 10-12 см. ғана төмендеген. Құтқарушылар адамдарды қайықпен тасымалдауда. Күнделікті арнайы техникамен 1000 куб су сорылуда, алайда, ауылды басқан су мөлшері 2 млн. куб. 
Енді мемлекет тарапынан шығын өтемін алу үшін ауыл тұрғындарына тиісті құжаттарды рәсімдеп, мүлікті бағалаулары керек. Алайда, кей тұрғындар үйді сатып алғанымен құжаттарды дер кезінде талапқа сай рәсімдемеген. Баспаналардың бұрынғы иелері сатқан үйлері үшін қаражатты алып көшіп кеткен, ал сату және сатып алу келісім шарттары жасалмаған немесе үнемі кейінге қалдырылып келген. DSC_2643Сот қауымдастығының өкілдері Г.Артықбаева мен Ж.Садуақасов ауыл тұрғындарының әр қайсына тиісті құжаттарды жинақтау тәртібін түсіндірді. Жалпы сот қызметкерлеріне 18 азамат өз сауалдарын қойып, кеңес сұрады. 
Бүгінде зардап шеккендер туыстарының, достарының кейбірі жергілікті билік мектеп ғимаратынан берілген үй-жайда тұрып жатыр. Көмек тек мемлекеттен ғана емес, жергілікті ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен мемлекеттік мекемелер тарапынан да көрсетілуде. Бірі тұрғындарды үш мезгілдік тамақпен, бірі мал азығымен, бірі керек заттармен қамтамасыз етуде. Тіпті, осыдан бірнеше жыл бұрын Германия, Канада елдеріне қоныс аударған жырақтағы азаматтар өздерінің бұрынғы жерлестеріне материалдық көмек жолдауда.  
Жерлестерінің тап болған қиындығына Қостанай облысының сот қызметкерлері де бей-жай қарап қалған жоқ. Облыстың судьялары мен сот мамандары ерікті түрде бір күндік еңбекақыларын зардап шеккендерге көмек ретінде аударып, жалпы 1 778 914 теңге мөлшерінде материалды көмек көрсетті. Сонымен қатар, су қайтқан соң сот қызметкерлері Суриков ауылында сенбілік өткізуді жоспарлап отыр.
Тасқын судан зардап шеккен ауыл тұрғындары сот өкілдері тарапынан көрсетілген заң көмегі мен материалдық қолдауға ризашылықтарын білдірді. 
Қостанай облыстық сотының баспасөз қызметі

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓