А.Мұхамбетов: “Құрбан айт – ауызбірлік нышаны”

Құрметті қостанайлықтар!
Сіздерді Құрбан айт мерекесімен құттықтаймын!
Барша мұсылман әлемінің осынау қасиетті мерекесі мәңгілік адами құндылықтардың – бірлік, мейірімділік, қайырымдылық, бейбітшілік пен келісім, жауапкершілік пен сабырлылықтың нышаны іспетті.
Бүгіндері, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтің кемеңгер саясатының арқасында, ұлтаралық және конфессияаралық келісімге негізделген қазақстандық қоғам бірлігінің бірегей моделі құрылды. Дәстүр-салттарымыздың әртүрлілігіне қарамастан, діни нанымымыз бізді, қазақстандықтарды ортақ мақсат-мүддеге үндейді, ол – туған жерімізде бейбітшілік пен амандығын сақтау.
Қасиетті Құрбан айт мерекесі де қоғамымызда өзара түсіністік пен ауызбірліктің нығаюына септігін тигізетініне сенімдімін.
Осынау ұлық мейрам біздің жүрегімізді шаттық пен жарасымдылыққа толтырып, рухани тазалығымызды сақтауға ықпалы тиіп, күш-қуатымызды арттырып, ізгі істерімізге табыстар алып келсін.
Облыс тұрғындарына шын жүректен зор денсаулық, бақыт, бейбітшілік пен аман-саулық тілеймін!
 
 А. Мұхамбетов,
Қостанай облысының әкімі
 
(Сурет архивтен алынды)

You may also like...

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

↓